Мектеп бітіруші оқушылардың қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау, оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарының есебі » "Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі КММ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-39-05
Есепші бөлімі:
+7(72252) 94-1-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп бітіруші оқушылардың қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау, оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарының есебі
14
ноябрь
2020

Мектеп бітіруші оқушылардың қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау, оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарының есебі

Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі КММ

2020-2021 оқу жылында
Мектеп бітіруші оқушылардың қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау, оқыту сапасының деңгейін арттыру бойынша қадамдық іс-қимыл жоспарының есебі

2020-2021 оқу жылында мектебімізде барлық 11 сынып комплектісі бар. 1 - 4 сыныптарда жалпы - 4 сынып, 5 - 9 сыныптарында – 5 сынып, 10 - 11 сыныптарында -2 сынып.

2020-2021 оқу жылында жалпы 152 оқушылар білім алуда. Жалпы пән мұғалімдер 24: Оның ішінде: Жоғарғы санатты –3 мұғалім, І санатты – 5 мұғалім, ІІ санатты – 3мұғалім, педагог-модератор-2 мұғалім, педагог-сарапшы-1мұғалім,педагог-зерттеуші-3мұғалім, санаты жоқ– 7 мұғалім.

Жоғарғы білімділер – 22 мұғалім, арнайы орта білімділер – 2 мұғалім.

Үш жылдық білім сапасына тоқталатын болсақ, 2017-2018 оқу жылында білім сапасы 67%, 2018-2019 оқу жылында 68%, 2019-2020 оқу жылында 68%.

ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы 5 жылдың орташа ұпайға тоқталатын болсақ; 2015-2016 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші 77,75. 2016-2017 оқу жылында 11 сынып болған жоқ. 2017-2018 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші 55. 2018-2019 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші 56. 2019-2020 оқу жылында ҰБТ болған жоқ.

2020-2021 оқу жылында мектеп бойынша 11 сыныпта жалпы 5 оқушы. Оқушыларға жеке-жеке тоқталатын болсақ; Абдуали Еркебұлан Асланұлы (шығармашылық) ҰБТ-ге қатысады, Жолдасбек Мағжан Сейфуллаұлы (шығармашылық) ҰБТ-ге қатысады, Жапек Нұрәлі Ермекұлы ҰБТ-ге қатысады таңдау пәндері 1ші пәні химия, 2ші пәні биология, Аушов Бахтияр Қазбекұлы ҰБТ-ге өз еркімен қатыспайды, Төлеген Ұлан Ардақұлы ҰБТ-ге өз еркімен қатыспайды.

2020-2021 оқу жылында 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылып. Жоспар бойынша қазіргі таңда жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оқушыларға қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ге дайындауға арналған қосымша сабақ кестесі құрылып, пән мұғалімдері бекітілген сабақ кестесімен жұмыс жүргізуде. Іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталатын болсақ мектеп әкімшілігі тарапынан қыркүйек айында 1 тест, қазан айларында 2 тест, жалпы І тоқсанда 3 тест жұмысы жүргізілді. Оқушылардан «5 plus» сұрақ кітапшасы мен 2 тест, «ProB-ent.testctnter.kz» сайты бойынша 1 тест жұмысы жүргізілді. 2020 жылдың қыркүйек, қазан айларында жүргізілген сынама тест қорытындыларының талдаулары жасап жеке-жеке пәндерге мониторинг жүргізілді. І тоқсандаға жүргізілген сынама тест қорытындысына тоқталатын болсақ; 1ші тестте орташа балл-46,8. 2ші тестте орташа балл-50,4. 3ші тестте орташа балл-58,4. Жеке-жеке пәндерге тоқталатын болсақ:

Математикалық сауаттылықбойынша бірінші тестте орташа балл-6,2. Екінші тестте орташа балл-7,2. Үшінші тестте орташа балл-3,8.

Оқу сауаттылығы бойынша бірінші тестте орташа балл-10,2.Екінші тестте орташа балл-10,6. Үшінші тестте орташа балл-11,2.

Қазақстан тарих пәні бойынша бірінші тестте орташа балл-9,8. Екінші тестте орташа балл-9,2. Үшінші тестте орташа балл-12,2.

ТАҢДАУ ПӘНІ

Биология пәні бойынша бірінші тестте орташа балл-9,6. Екінші тестте орташа балл-11,4. Үшінші тестте орташа балл-17,2.

Химия пәні бойынша 1 оқушы тапсырды: бірінші тестте орташа балл-11. Екінші тестте орташа балл-12. Үшінші тестте орташа балл-14.

Оқушылардың жіберген қателері бойынша пән мұғалімдері жұмыс жүргізіп отырады. Алынған тест қорытындысы бойынша математикалық сауаттылық, таңдау пәндерінен оқушылар төмен балл алып жатыр. Пән мұғалімдері қазіргі таңда жұмыстары күшейтілді. Пән мұғалімдері әр оқушыға жіберген қатемен жұмыс журналы арналып, әр оқушы қандай тақырыптан, қандай сұрақты білмейтіні жазылып, оқушылар қатемен жұмыс жүргізіп жатыр. Айына 1 рет директор жанында қаралып отырады.

Ата-аналармен жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ. Қыркүйек, қазан айында ата-аналармен жиналыс екі рет өткізілді. Ата-аналарға оқушылардың қандай денгейде, тесттен қанша балл алғандығын, пән мұғалімдері жеке-жеке оқушылардың денгейін айтып, ата-аналарға оқушыларға ҰБТ-ге дайындалуға жағдай жасау керектігін айтып өттік. Ата-аналар хаттамасы жазылып отырады.

Алдыға қойған мақсаттарымыз: Оқушылардан онлайн және кітапшамен тест алу, Дарын онлайн, prob-еnt.testcenter.kz сайтымен жұмысты күшейту. Ата-анамен тығыз байланыста болу. Мұғалімдерің қосымша сабақтарына қатысу. 9-шы, 11-ші сыныптарды қорытынды аттестаттауға дайындау, тест жұмыстарына қорытынды мониторинг жасап, зерделеп отыру.