Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 28 тамыз күні сағат 17.00- де ата-аналар жиналысы » "Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі КММ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-39-05
Есепші бөлімі:
+7(72252) 94-1-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 28 тамыз күні сағат 17.00- де ата-аналар жиналысы
30
август
2018

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 28 тамыз күні сағат 17.00- де ата-аналар жиналысы

Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектеп

2018-2019 оқу жылы

 

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде 2018 жылдың 28 тамыз күні сағат 17.00- де ата-аналар жиналысының

Хаттамасы

Тасөткел ауылы

Күн тәртібінде:

1.Мектептің 2018-2019 оқу жылына дайындығы;

2.«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы туралы

3.Аспара бекетінен оқушылардың тасымалдануы

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Ә.Жантаев ата-аналарды мектетің дайындығы, оқушылар саны, оқулықпен қамтылуы, мектеп формасы, сондай-ақ, биылғы оқу жылындағы өзгешеліктер туралы, яғни 3,6,8, сыныптардың жаңартылған мазмұнда оқытылуы туралы, күнделік жүйесінің енгізілуі,цифрлі Қазақстан туралы ақпараттар берді. Мектептегі оқу ауысымдары мен қоңырау кестесі қаралды. (1қосымша)

Екінші мәселе бойынша Мектепке жол акциясы туралы директордың тәрбие ісі жөніндегі рынбасары Қ.Кудековабаяндама жасады.Ата-аналарға акцияға белсене қатысуға шақырып, акция барысында балаларды жаппай оқуға тарту, құқық бұзушылылқтың алдын алу, су айдындарындағы қауіпсіздік, рейдтер туралы айтылды. (2 қосымша)

Үшінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Кудекова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылында Аспара станциясынан Тасөткел ауылындағы Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебіне қатынап оқитын 49 оқушы тасымалданатынын айытты. (3 қосымша)

Шешім етті:

1.Мектептің 2018-2019 оқу жылына дайындығы қанағаттанарлық деп табылсын.

А) Мектеп Kundelik.kz көшуге оқушыларды, ата-аналарды тіркеу қолға алынсын.

Ә) «Мектепке жол» акциясы бойынша тағы да қосымша демеушілер тарту жандандырылсын.

Б) Ата-аналармен келісе отырып , бірыңғай мектеп формасымен әрбір оқушыны қамту жүзеге асырылсын.

Мектеп директоры: Б.Ә.Жантаев


Похожие публикации:

17 сентябрь 2016 Мектеп директоры
17 сентябрь 2016 Мектеп жайлы