Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі №1 ХАТТАМАСЫ » "Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі КММ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-39-05
Есепші бөлімі:
+7(72252) 94-1-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі №1 ХАТТАМАСЫ
01
июнь
2019

Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекетік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес алдында мектеп директорының есебі №1 ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі»

коммуналдық мемлекетік мекемесі

жанындағы қамқоршылық кеңес алдында

мектеп директорының есебі

№1 ХАТТАМАСЫ

 

Тасөткел ауылы 30.05.2019 жыл

Қатысқандар: кеңес мүшелері, мектеп директоры, полиция инспекторы

Күн тәртібінде

1.«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және мектептегі қамқоршылық кеңесінің құрамын қайта сайлау, ашық дауыс беру арқылы кеңестің төрағасын және хатшысын сайлау. (Б.Ә.Жантаев)

2.2018-2019 оқу жылының II-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі. (Б.Ә.Жантаев)

3.2018-2019 оқу жылының II- жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша учаскелік мектеп инспекторының есебі. (Б.Жабасбаев)

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Ә.Жантаев сөзінде «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және мектептегі қамқоршылық кеңесінің құрамын қайта сайлау қағидаларының өзгеруі туралы таныстырды. Қамқоршылық кеңес құрамында 9 адамнан кем болмауы керек. Құрамында білім беру ұйымынан, яғни мектептен адам сайланбайтынын түсіндірді. Қамқоршылық кеңес мүшелерініңөкілеттік мерзімі үш жылда құрайтының айтып өтті. Мектептегі қамқоршылық кеңестің мүшелері өз келісімдері бойынша 10 адам ниеттерін білдірді. Атап кетсек:

1.Қамқоршылық кеңес

төрағасы: М.Даулбаев

2.Хатшы:В.Адилбекова

3.Кеңес мүшесі:А.Сауранбаева

4.Кеңес мүшесі: Д.Ахметов

5.Кеңес мүшесі:Т.Санабеков

6.Кеңес мүшесі:Б.Айткулов

7.Кеңес мүшесі:А.Базарбаева

8.Кеңес мүшесі:Г.Қойбасова

9.Кеңес мүшесі: А.Шадыбаева

10.Кеңес мүшесі:О.Шайкибеков

Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Жантаев сөзінде 0-18 жас аралығындағы балаларды есепке алу мақсатында мұғалімдер бекітілген мөлтек ауданындағы үйлердіаралап, балалардың толық тізімі ілінді. Анықталғаны: мөлтек аудан бойынша бала саны-296. Оның ішінде біздің мектепте оқитын бала саны-166. Мектепте тартылмай қалған бала жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар жекеленген санаттағы 28 бала теген ыстық тамақпен және тегін оқулықтармен қамтылды. Асханада әкімшілік және мұғалімдер тарапынан кезекшілік, тамақ ішетін кестесі ұйымдастырылған. Асханаға әкелітін азық-түліктің және әзірленген тегін ыстық тамақтың сапасын бақылау үшін құрамында 5 адамнан тұратын топ құрылған. Тамақтың сапасы мен мөлшері күнде бақылауға алынған.

Мектеп бойынша өткізілген «Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларынан шыққанбалаларды қажетті көмекпенқамтамасыз ету үшін мердігерлерді тарту жұмыстары жүргізілді. Өткізілген жұмыстарының нәтижесінде балаларға мектеп мұғалімдері, мешіт қызметкерлері, ауыл әкімшілігі 50000 (елу мың) теңге көлемінде мектеп құралдары мен киімдермен көмек көрсетілді.

Үшінші мәселе бойынша мектептің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Б.Жабасбаев сөзінде Шу аудандық ЖПҚ ЮПБ-де есепте тұрған оқушы жоқ. Кәмнлеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық пен заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептің оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары (лекция, семинар) өткізілді. Сонымен қатар, мектепте 2 бала бір жайсыз отбасынан тізімге алынған. Олардыңтұрмыстық жағдайын анықтауда тұрғанүйлеріне рейд жүргізіліп, үнемі бақылауға алынғанын айтып өтті.

 

Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1.Өз келісімі бойынша ниет білдірген жоғарыда аталған адамдар қамқоршылық кеңестің құрамы болып бекітілсін.

2.2018-2019 оқу жылының II-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша мектеп директорының есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.

3.2018-2019 оқу жылының II- жартыжылдығында атқарылған жұмыстары бойынша учаскелік мектеп инспекторының есебі

«қанағаттанарлық» деп табылсын.

Қамқоршылық кеңес

Төрағасы: М.Дауылбаев

Хатшы:В.Адилбекова

Кеңес мүшесі: А.Сауранбаева

Кеңес мүшесі: Д.Ахметов

Кеңес мүшесі: Т.Санабеков

Кеңес мүшесі: Б.Айткулов

Кеңес мүшесі: А.Базарбаева

Кеңес мүшесі: Г.Қойбасова

Кеңес мүшесі:А.Шадыбаева

Кеңес мүшесі:О.Шайкибеков