«Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысы №3 Хаттамасы » "Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі КММ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-39-05
Есепші бөлімі:
+7(72252) 94-1-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысы №3 Хаттамасы
05
декабрь
2018

«Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес отырысы №3 Хаттамасы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы қамқоршылық кеңес
отырысы


№3 Хаттамасы
Тасөткел ауылы Күні: 23.11.2018
Қатысқаны: 9 адам

Күн тәртібінде:

1. Мектеп директоры Б.Ә.Жантаев 1 тоқсан бойынша атқарылған жұмыс есебі.
2. АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Б.Жайлибековтың есебі.
Тындалды:
1 мәселе бойынша мектеп директоры Б.Ә.Жантаев өз сөзінде
Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері!
Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебіндегі II тоқсанда атқарылған жұмыстарға тоқталсам, 2018-2019 оқу жылындағы балалардың сапалық білім алуына, жан жақты бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуіне және оқу тәрбие үрдісіндегі іс-шаралардың талапқа сай деңгейде ұйымдастыруына ат салысу ата-ананың жеке жауапкершілігіне жүктелсін, оқу жылы бойынша мектептің оқу жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша жұмыстар өз орынымен атқарылып келеді. Жана оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалудың алдын-алу мақсатында 1-тамыз-30 қыркүйек арлығында «Мектепке жол» акциясы жүргізілді. Быйылғы жаңа оқу жылында мектепте аз қамтылған отбасынан шыққан 22 оқушы тіркелді. Материялдық көмек көрсету үшін демеушілерге қатынас хаттар таратылып, акция барысында ауыл әкімшілігі, ауыл мешіті және мектеп ұжымы 13 оқушыға 80 000 (сексен мың) көлемінде мектеп формасымен және оқу құралдары алынып көмек көрсетті. Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығында 151 бала тіркеліп мектепке келді 1-сыныпқа -24 оқушы, «Айгөлек» шағын орталығында -38 бала, даярлық сыныпта-13 оқушы.
Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығында оқумен қамтылмай қалған бала жоқ.
ОШ, РИК, НОВД есебі бойынша 25 мұғалім, 14 техқызметкер 151 оқушы есепке алынып аудандық білім бөліміне есеп уақытылы өткізілді. Тарификациялық есеп бойынша 25 мұғалім, оның 21 жоғары білімді, 4 арнаулы орта, 4 мұғалім жоғары санатты, 7 мұғалім 1 санатты, 1 мұғалім модератор сарапшы, 9 мұғалім 2 санатты, санаты жоқ 6 мұғалім.
«Күнделік KZ» бойынша 1 кабинетте компьютермен Wifi желісіне қосылған. Оқушылар арасында Республикалық «Ақбота» марафонына 19 оқушы қатысып сертификаттармен марапатталды. I тоқсан бойынша жалпы білім сапасымен үлгерімі 66% , үздіктер-31 оқушы, екпінділер-53 оқушы, орташа оқитындар 67 оқушы.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облысымыздың тарихи жерлерін аралау мақсатында «Тараз-тарихымыздың темір қазығы» демекші Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Айша бибі кесенесінен саяхатымызды бастадық. Тараз қаласындағы Қарахан кесенесін аралап ,тарихи мәдени орталықты және ашық аспан астындағы археологиялық орындарды тамашалап, оқушылардан сұхбат алынды.
Қазақстан халқы ассамблеясын оқушыларға көрсетіп, тамашалап суретке түстік.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті саябағына,Тараз аренасына барып оқушылар демалды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көтерілген Керей мен Жәнібек ескерткіштерімен оқушылар таныстырылып, суретке түсірілді. Саяхаттың соңында Тектұрмас кесенесіне барып, тарихы туралы оқушыларға түсінік беріліп, оқушылар аралап қайтты.
«Рухани жаңғыру» аясында ауданымыздың тарихи жерлерін, музейлерді, мәдени ошақтарды аралау мақсатында саяхат жасауға жоспар жасалынған. Жоспарланған саяхатты мектебіміздің директоры, тарихшы Б.Ә.Жантаев мектебімізде ашылған «Рухани жаңғыру» кабинетінен бастап, тарихи түсінік беріп саяхатқа сәттілік тіледі. Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Кудекова, тарих пәнінің мұғалімі Б.Ә.Омарова, география пәнінің мұғалімі Е.М.Маңғытай, мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі С.Ж.Шайдахметов аудандық кітапханаға оқушыларды апарып кітапханашылармен сұхбат алысты. Аудандық музейге барып жәдігерлермен танысып, саяхатты Ақсу ауылына бұрдық. Бұндағы VI-XIII ғасырдағы Баласағұн қалашығына келіп, қаланың ерекшеліктерімен таныстырып, тарихи қала туралы пікір алыстық. Оқушылар суретке түсіп, әсерлі демалып қайтты. Демалысқа өз үлесін қосқан ауылымыздың әкімшілігіне, автобус жүргізушісі С.Абралиевке, мектебіміздің медбикесі А.Тулегеновалар өз үлестерін қосты.



II мәселе бойынша: АІІБ жергелікті полиция участік инспекторы Б.Жайлибеков өз сөзінде, қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Б.Жайлибековпен бірлескен жоспар құрылды. Жоспар Шу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Ж.Төлешовпен келісілген, мектеп директоры Б.Ә.Жантаевпен Құқық бұзушылықпен алдын алу жөнінде кеңес құрылған. Кеңеске мектеп директоры басшылық жасайды. Оқушылар мен ұстаздар бірыңғай мектеп формасымен түгел қамтылған. Мектепішілік және аудандық ішкі істер бөлімінде ешқандай балалар тіркелмеген. Жайсыз отбасында тәрбиелеген балалар жоқ, мектептерде құқық бұзушылық алдын-алу мақсатында кәмілетке толмаған жас өпірімдердің түңі уақытта яғни сағат 21-00 ден кейін көңіл көтеру орындарында болуына жол бермеу сағат 23-00 кейін оқушылар ата-аналары немесе оған теңестірілген заңды тұлғаларсыз жүрмеуін ескере отырып, мекктеп әкімшілігімен қатысуымен түнгі рейттер ұйымдастырылып отырады. Рейт жүргізу барысында ешқандай оқушылар тіркелмейді Қыркүйек айында «Қауіпсіз мектеп» акциясы кезінде мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету білім алушылар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау және оқу орындарында қауіпсіздік шаралардың ұйымдастыру мақсатында АІІБ жергіліктң полиция қызметініңучаскелік инспекторы Б.Жайлибековпен бірлескен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акция барысында ата-аналарға және қоғамға мектепте, көшеде, көлікте, жолда қауіпсіздік ережелерін есте болу керегі айтылды.
Шешім етеді:
1. I тоқсан бойынша атқарылған оқу-тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп есептелінсін.
2. Құқық бұзушылқтың алдын алу бойынша мектеп инспекторы Б.Жайлибековпен сынып жетекшілер жоғары сынып оқушылармен бірлесен сынып сағаттары жүргізілсін.
3. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша балалардың туған жерге сүйіспеншілігін артыру мақсатында тарихи мұражайларда өтілетін сабақтар жалғастырылсын.

Кеңес төрағасы М.Дауылбаев

Хатшы Г.Қойбасова
Кеңес мүшесі А.Сауранбаева
Кеңес мүшесі Д.Ахметов
Кеңес мүшесі Т.Санабеков
Кеңес мүшесі Б.Айткулов
Кеңес мүшесі А.Базарбаева
Кеңес мүшесі В.Адилбекова
Кеңес мүшесі А.Шадыбаева
Кеңес мүшесі О.Беймбетов
Hermanfiero
20 июня 2019 11:54
----

Прекрасно сказано вами

----


продажа под офис

----

Крутотень какая ты посмотри

----


аренда офиса рядом с метро

----

Какой вопрос - таков ответ

----


Банк Открытие личный кабинет

----

Каков красавец, ты только глянь!

----


buy generic viagra overnight delivery