Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы- халық қазынасы» атты тақырыпта өткізілген тағылымдық кеш туралы
Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған
«Абай мұрасы- халық қазынасы» атты тақырыпта өткізілген тағылымдық кеш туралы
МӘЛІМЕТ
20.02.2020 жылы Тасөткел ауылдық округінің Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебінде ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы- халық қазынасы» атты тақырыпта 1-4 сынып және 5-9 сыныптар аралығында үлкен тағылымдық кеш өтілді. Атаулы кештің негізгі мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу.Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Абай шығармаларын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту:
-«Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу.
Кеште Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, ескерткіштері, туылған жері туралы слайд көрсетілді. Оқушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, Абайдың қара сөздерін нақышына келтіре отырып айта білді. Яғни Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі қара сөздері туралы көптеген мәлімет алды десекте болады. Мектеп мұғалімдері де Абайдың табиғат лир касына арналған өлеңдерінен көрініс қоя отырып, өлеңдерін жатқа мәнерлеп айту арқылы Абайдың лирик ақын екенін тағыда дәлелдей түсті емес пе!
Кеш соңы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» атты әнімен қорытындыланды.
