Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » "Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі КММ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-39-05
Есепші бөлімі:
+7(72252) 94-1-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
18
февраль
2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Тұрар Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы

26 қарашасындағы № 509 бұйрығын таныстыру мақсатында мектепте өткізілген педагогтар мен оқушылар және ата-аналар жиналысының хаттамасы

«31» қаңтар 2020 жыл


Ата-ана комитетінің төрайымы: Базарбаева А.

 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

 

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықпен педагогтарды таныстыру.

 

Осы мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің бас маманы Дүйсенбаева Гулшат Ахметовна педагогтарға және 9 «а» сынып оқушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қараша №509 бұйрығы негізіндегі өзгерістер мен толықтыруларды таныстырып өтті.

9, 11 сынып білім алушыларының қорытынды аттестаттау жүргізілетін пәндерінің тізбесі мен жазбаша жұмыстарды орындауға бөлінген уақыттарын атап өтті. 9 сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі мен 11 сынып білім алушыларының тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкілімен таныстыра отырып, мектеп жанынан, аудандық білім бөлімі жанынан және облыстық білім басқармасы тарапынан құрылатын Комиссияның жүзеге асыратын іс-шаралары мен міндеттеріне тоқталды.

Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазба жұмыстарын аудандық білім бөлімі жанынан және облыстық білім басқармасы тарапынан құрылатын Комиссия қарайтындығы туралы атап өтті.