«Ардагерлер – асыл ерлер! » » "Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі КММ"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Шерхан Мұртаза атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 5-39-05
Есепші бөлімі:
+7(72252) 94-1-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2020

«Ардагерлер – асыл ерлер! »

Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебінде өткізілген «Ардагерлер – асыл ерлер! » атты кездесу кеші туралы

МӘЛІМЕТ

17.02.2020 жылы Тасөткел ауылдық округінің Т.Рысқұлов атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Ардагерлер – асыл ерлер! » атты кездесу кеші өтті. Атаулы іс-шара мектеп тәлімгері Мақұлбай Г. мен бастапқы әскери техникалық даярлық пәнінің мұғалімі С.Шайдахметовтің ұйымдастыруымен өткізілді. Атаулы іс-шараның негізгі мақсаты Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Сонымен қатар ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Атаулы іс-шараға ауған соғысының ардагері Бейсехан Пиязбаев, Мектеп директоры Б.Ә.Жантаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Тогузаков және мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.